«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

 Семейде «Бір ауыл – бір өнім» жәрменкесі өтті

2024 жылғы 23 Тамыз
- Абай облысы
4994 просмотров

Облыс орталығындағы Арбатта табиғи өнімдердің көрме жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аймақ кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды.  Абай облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі «Мен кәсіпкер» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің нарықтарын кеңейтуге және экспортқа шығуға қолдау көрсету.

«Нарықта біз Adal As фирмасы ретінде танылғанбыз, 15 жыл қызмет етеміз. Фирмамызда 100-ден аса өнім түрлері бар. Семей қаласы бойынша, және басқа да өңірлердегі қалаларға танымалмыз: Өскемен, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Астана, Павлодар. Қазіргі нарықта танымал жаңа өнім ретінде Astal коктейлі шығып жатыр, ол адам ағзасын тазартуға, иммунитетті көтеруге өте көп септігін тигізеді. Біздің өнім тек таза қолдан жасалған халал, ешқандай аппаратсыз. Тауарларымыздың бәрінде сертификат бар, әртүрлі зерттеулерден өткенбіз, өніміміз екі рет Алматы техногиялық университетінде, екі рет біздің Алихан Бокейхан университетінде зерттеуден өткен, қазіргі таңда медициналық университетте өтіп жатыр. Болшақта жоспарымызда Astal өнімін студентер дипломдық жоба ретінде алса, және де оны шетелге танымал етсе деген ой бар. Астал өнімі Африка және Ресей елдерінде ұсынылды. Міндетіміз – халықты таза халал қолжетімді бағалы өнімдермен қамтамамыз ету. Атамекенмен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп жатырмыз, бағдарма бізге көп септігін тигізеді деген ойдамыз», – деп тамақ технологы Әдемі Ақылқожа өз фирмасы жайлы айтып берді.

Көрмеге қатысқан жеке кәсіпкерлер қолөнер бұйымдарын, киіз бен ағаштан әзірленген туындыларын, ет және кондитерлік өнімдерді, сүт өнімдерін, ойыншықтар және тағы басқа тауарларын таныстырды.

«Екі күн бойы өткен көрме биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Шараға облысымыздың барлық өңірлерінен 21 жеке кәсіпкер қатысты. Жоба алыстағы ауылдар мен аудандарда жұмыс орындарының тапшылығы байқалатын жерлерде жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған. Біз ауыл халқының кәсіпкерлік әлеуетін дамытуды көздейміз», – деп атап өтті Абай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйіншинов.

Абай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, жоба JICA жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жыл санап жобаға қатысушылардың да саны артып келеді. Мәселен, былтыр 15 қатысушы болса, биыл 21 кәсіпкер өз өнімін ұсынған. Алдағы уақытта табиғи таза, жергілікті өнімнен өндірілген тауарды саудалау үшін әр қаладан тек қана  «Бір ауыл – бір өнім» өнімдері ұсынылатын дүкен ашу жоспарланып отыр.

Көрме қорытындысы және жұмыс тобы отырысының нәтижесі бойынша 21 қатысушы арасынан жартылай фин,алда 10 үміткер іріктелді. Олардың жобалары енді  Өңірлік бренд-комитеттің отырысында қаралатын болады. Отырыс қорытындысы бойынша үздік үш жоба республикалық және халықаралық көрмелерге қатысуға, бизнесті бастау мен дамытуға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге, электрондық коммерцияны оқыту, өнімнің тұсаукесерлерін ұйымдастыру, бизнесті өркендету жөнінде ұсынымдар беріліп, толық маркетингтік сүйемелдеуге ие болады.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер