«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер Палатасы қандай қызметтер көрсетеді

2023 жылғы 09 Наурыз
- Абай облысы
9595 просмотров

Абай облысының Кәсіпкерлер Палатасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне тегін сервистік қызметтер көрсетеді:

1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер:

* бухгалтерлік заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;

* салық заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар;

* бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды есептеу және бюджетке басқа да аударымдар бойынша кеңестер;

* бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультациялар;

* "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;

* салық есептерін дайындау және тапсыру бойынша кеңестер;

* статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар;

* үшінші тарап ұйымдары үшін Қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультациялар;

* салық есептерін дайындау;

* статистикалық есептерді дайындау.

 

2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша мыналарды қамтитын қызметтер:

* лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңестер;

* лицензиялар мен рұқсат құжаттарын құқықтық қолдауымен алу бойынша қызметтер;

* кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттарды дайындау;

* кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар;

* шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

* азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

* Мемлекеттік сатып алуға байланысты кеңес беру;

* конкурсқа / тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау;

* сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану жөніндегі қызмет;

 

3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

* кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар;

* Екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

 

4) бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі қызметтер мыналарды қамтиды:

* бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша кеңестер;

* бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша кеңестер;

* бизнес-жоспарды әзірлеу;

* тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжыту жоспарын талдау бойынша консультациялар;

* тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжыту жоспарын талдау бойынша әзірлеу.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар үшін консультациялар Абай облысының кәсіпкерлер палатасының филиалдарының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында тегін ұсынылады.

Қосымша ақпаратты Абай облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінен, 8 (7222) 350-959 телефоны бойынша немесе Семей қаласы, Абай алаңы көшесі, 5 мекенжайы бойынша алуға болады.

Жұмыс уақыты және қызмет көрсету сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі-жексенбі.

Сондай-ақ жоғарыда аталған қызметтерге портал арқылы онлайн режимінде тапсырыс беруге болады https://G4B.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер